5–6 қаңтарда әлеуметтік осал топқа жататын және өмірлік қиын жағдайдағы отбасыларға бару жұмыстары жүргізілді. Жұмыс әлеуметтік педагог пен сынып жетекшілерінің бірлесуімен жүзеге асырылды.
Тексеру сапары барысында кәмелетке толмаған балалардың тұрмыс жағдайлары зерделеніп, ата-аналармен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау мәселелері бойынша түсіндіру және профилактикалық әңгімелер өткізілді.
Тексеру қорытындысы бойынша ұсыныстар беріліп, отбасыларды әрі қарай сүйемелдеу шаралары айқындалды.







