«Біртұтас тәрбие» бірыңғай тәрбие бағдарламасын іске асыру аясында, тәуелсіздік және патриотизм айының құндылықтарын дамыту шеңберінде, Мемлекеттік тілді насихаттау және қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің пәндік апталық жоспарын орындау мақсатында 15 қазанда өзге ұлт мұғалімдері арасында «Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде»атты іс-шара өтті.
Төрт кезеңнен тұратын байқауға 8 мұғалім қатысты. Алғашқысында қатысушылар өздерін таныстырып, екінші бөлігінде қазақтың мақал-мәтелдері бойынша білімдерін сынады. Бұдан кейін экрандағы ұяшықтарда көрсетілген суреттер бойынша бір-бірімен жұптасып диалогқа түсті. Ең соңында бір минут ішінде жиырма сұраққа жедел жауап беру бойынша сайысты.
Қазылар алқасы байқау қатысушыларының тілді меңгеру деңгейін, жауаптарының мазмұндылығы мен ерекшелігін, қазақ тілінде таза сөйлеуін бағалай отырып, 1 орынға орыс тілінің мұғалімі Ермолина И. В, 2 орынға мектеп кітапханашысы Чайгуцкая А. В., ал 3 орынға биология пәнінің мұғалімі Крохина Е. М. лайық деп шешті.
Ұстаздардың осындай байқауға қатысып, бақ сынауы – мемлекеттік тілдің әлеуметтік мәртебесін жоғарылату ісіне, мемлекеттік тілді рухани-мәдени және патриоттық құндылық ретінде дәріптеуге қосқан үлесі деуге болады.