2026 жылғы 16 қаңтарда бастауыш сынып мұғалімі Л.У.Самбетованың жұмыс тәжірибесінің онлайн-трансляциясы өтті. Трансляция Қостанай облысының оқу-әдістемелік кеңесі мақұлдаған (29.12.2025 ж., № 9 хаттама) «Ойлау – өсу деген сөз: 9–10 жастағы балалардың логикасы мен өзіне деген сенімділігін дамыту» атты авторлық бағдарлама тақырыбында ұйымдастырылды.
Аталған бағдарлама бастауыш мектеп жасындағы балалардың логикалық және позитивті ойлауын дамытуға, өз-өзіне сенімділігін қалыптастыруға, сондай-ақ олардың танымдық белсенділігін арттыруға бағытталған.
Жұмыс тәжірибесінің онлайн-трансляциясы Қамысты, Қостанай және Фёдоров аудандарының білім беру ұйымдарына тиімді педагогикалық тәжірибелерді тарату және бастауыш мектептегі білім беру сапасын арттыру мақсатында өткізілді.






