2026 жылғы 16 қаңтарда онлайн форматта бастауыш сынып мұғалімі З.В.Голиненко 3-сынып оқушыларына арналған, Қостанай облысының Оқу-әдістемелік кеңесі мақұлдаған (29.12.2025 ж., № 9 хаттама) «Сөздің сиқырлы әлемі» атты авторлық бағдарлама тақырыбы бойынша жұмыс тәжірибесінің онлайн-трансляциясын ұсынды.
Аталған жұмыс бастауыш сынып оқушыларының әдеби-теориялық және тілдік дағдыларын, танымдық қабілеттерін, эмоциялық-ерік және адамгершілік қасиеттерін, сондай-ақ интеллектуалдық дамуын және коммуникативтік біліктерін қалыптастыруға бағытталған.
Жұмыс тәжірибесінің онлайн-трансляциясы Сарыкөл, Жітіқара, Денисов, Әулиекөл және Қарабалық аудандарының педагогтеріне оң педагогикалық тәжірибені тарату және бастауыш мектептегі оқыту сапасын арттыру мақсатында өткізілді.






