2026 жылғы 16 қаңтарда онлайн форматта қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі К.М.Даулбаева Қостанай облысының оқу-әдістемелік кеңесі мақұлдаған (29.12.2025 ж., № 9 хаттама) «Салыстырмалы грамматика» атты авторлық әдістемелік әзірлеме бойынша жұмыс тәжірибесінің онлайн-трансляциясын өткізді.
Аталған әдістемелік құрал көптілді білім беру жағдайында қазақ және орыс тілдерінің грамматикалық жүйелерін салыстыра оқытуға арналған. Жұмыста салыстырмалы грамматиканың теориялық негіздері ашылып, көрнекі кестелер мен сызбалар арқылы морфологиялық және синтаксистік салыстырулар ұсынылған, сондай-ақ оқушылардың логикалық ойлауын және салыстырмалы талдау дағдыларын дамытуға бағытталған жаттығулар мен тест тапсырмалар жүйесі қамтылған.
Жұмыс тәжірибесінің онлайн-трансляциясы Қарасу, Наурызым және Жангелдин аудандарының педагогтері үшін тиімді педагогикалық тәжірибелерді тарату және орта мектептегі оқыту сапасын арттыру мақсатында ұйымдастырылды.






