📅 2026 жылдың 4 ақпанында 7–11 сынып оқушыларына арналған «Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасының аудандық кезеңі өтті.
🎯 Байқаудың мақсаты — мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, қазақ халқының мәдени, әдеби және рухани мұрасын насихаттау, сондай-ақ оқушылардың шығармашылық және ізденушілік қабілеттерін дамыту.
🏆 Олимпиада қорытындысы бойынша оқушыларымыз келесі номинациялар бойынша жүлдегер атанды:
🎤 «Әнші-бұлбұлдар» номинациясы:
🥈 2 орын — 8 сынып оқушысы Ганкевич Виолетта
(мұғалімі: Абжалелова Л.И.)
🥉 3 орын — 7 сынып оқушысы Дусмаилова Диляра
(мұғалімі: Дуамбекова Г.К.)
🎨 «Бейнелеушілер» номинациясы:
🥈 2 орын —
* 8 сынып оқушысы Галстян Каринэ (мұғалімі: Дуамбекова Г.К.)
* 10 сынып оқушысы Галстян Улета (мұғалімі: Абжалелова Л.И.)
🥉 3 орын —
* 8 сынып оқушысы Тұрғын Арайлым (мұғалімі: Калмаганбетов Ж.Т.)
* 8 сынып оқушысы Гельман Ева (мұғалімі: Абжалелова Л.И.)
* 10 сынып оқушысы Лантух Кира (мұғалімі: Абжалелова Л.И.)
👏 Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз!
Оларға жаңа жетістіктер мен биік белестер тілейміз! 🌟
Сондай-ақ оқушыларды дайындаған ұстаздарымызға зор алғыс білдіреміз! 🙏📚








