Тестілеу алдын ала жоспарланып, testter платформасында онлайн форматта ұйымдастырылды. Оқушылар өз дайындық деңгейін тексеріп, тапсырмалардың құрылымымен танысуға мүмкіндік алды.
Мектепте мұндай сынақ тестілеулері тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Бұл оқушыларға білім деңгейін жүйелі түрде бағалауға, олқылықтарды анықтауға және өз күшіне деген сенімділікті біртіндеп арттыруға жағдай жасайды.







