17 ақпан күні мектеп педагогтері — Гвозденко Анастасия Валерьевна мен Савицкая Светлана Викторовна — Рудный қаласындағы №4 мектеп-лицейінде өткен «PRO-белсенді мұғалімнің даму траекториясы: зерттеу, жобалау, нәтиже» атты облыстық шығармашылық кездесуге қатысты.
Кездесу барысында педагогтердің кәсіби өсуі, функционалдық сауаттылықты дамыту және заманауи білім беру технологияларын қолдану мәселелері талқыланды.
Аталған шараға қатысу педагогикалық шеберлікті одан әрі жетілдіруге бағытталған маңызды қадам болды.








