ЖМБ ӘБ онкүндігі аясында 24 ақпанда 7 «Б» сыныбында биология пәні мұғалімі Крохина Е.М. «Мидың құрылысы мен қызметтері. Үлкен ми сыңарлары» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақ мазмұнды әрі заманауи форматта өтті. Сабақтың басында жасанды интеллект элементтері мен QR-код арқылы берілген тапсырмалар қолданылып, оқушылар бірден белсенді жұмысқа тартылды. «Жасампаздық және жаңашылдық» құндылығы аясында оқушылар өздерін нағыз жаңашыл ретінде сезініп, креативті нейрон моделін жасады.
Практикалық бөлім ерекше қызығушылық тудырды. Жетінші сынып оқушылары өздерін нейрохирург ретінде сезініп, берілген белгілерді талдады, науқастың диагнозын анықтады және мидың қай бөлігінің қызметі бұзылғанын тапты.
Сабақ барысында жеке, жұптық және топтық жұмыс түрлері ұйымдастырылып, әртүрлі деңгейдегі тапсырмалар ұсынылды. Мұндай тәсіл әр оқушыға өз мүмкіндігін көрсетуге, білімін дәлелдеуге және сыни ойлау дағдыларын дамытуға мүмкіндік берді.
Ашық сабақ биология пәнін оқыту қызықты, тәжірибеге бағытталған әрі шынайы жаңашыл түрде ұйымдастыруға болатынын көрсетті.







