2026 жылғы 12 наурызда онлайн-трансляция аясында көркем еңбек пәні мұғалімі С.В. Савицкая Қостанай облысының Оқу-әдістемелік кеңесі мақұлдаған (2026 ж. 24.02., №2 хаттама) «Ұсақ-түйектегі сұлулық: интерьердің сәндік элементтері» атты авторлық бағдарламасын таныстырды.
Бағдарлама 5-сынып оқушыларына арналған және олардың шығармашылық қабілеттерін, көркемдік талғамын және эстетикалық қабылдауын дамытуға бағытталған.
Сабақ барысында оқушылар сәндік-қолданбалы өнердің түрлі техникаларын меңгереді: жұмсақ ойыншықтар жасау, құрақтан жасалған қуыршақтар дайындау, мата мен фетрден бұйымдар тігу, сондай-ақ құрғақ жүн басу техникасымен жұмыс істеуді үйренеді.
Бағдарлама мазмұнымен Алтынсарин, Денисов және Ұзынкөл аудандарының педагогтері танысты.
Ұсынылған тәжірибе әріптестер тарапынан үлкен қызығушылық тудырып, көркем еңбек арқылы оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған тиімді тәжірибе ретінде бағаланды.






