📊 Тағамдардың желінбей қалу индексін анықтау.
Мектеп асханасында тағамдардың желінбей қалу индексін анықтау мақсатында мониторинг жүргізілді.
Комиссия құрамына мектеп басшысы, әлеуметтік педагог, ата-аналар комитетінің төрағасы және медицина қызметкері кірді.
Іс-шара барысында білім алушылар тамақтанғаннан кейін қалған тағам мөлшері талданды. Бұл дайындалған тағамдардың сұраныс деңгейі мен дәмдік сапасын анықтауға мүмкіндік береді.
Алынған мәліметтер тамақтануды ұйымдастыруды жетілдіруге және білім алушылардың талғамдарын ескеруге көмектеседі.







