Мектеп асханасында ас блогының құжаттарын жүргізу бойынша мониторинг жүргізілді.
Комиссия құрамына мектеп басшысы, әлеуметтік педагог, ата-аналар комитетінің төрағасы және медицина қызметкері кірді.
Іс-шара барысында технологиялық карталар, журналдар және ілеспе құжаттар зерттеліп, олардың дұрыс рәсімделуі мен өзектілігі тексерілді.
Құжаттарды уақтылы әрі дұрыс жүргізу — білім алушыларды сапалы әрі қауіпсіз тамақтандыруды ұйымдастырудың маңызды шарты болып табылады.







