Савицкая Светлана Викторовна, "Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің Май жалпы білім беретін мектебі" КММ-нің көркем еңбек мұғалімі, "Бейнелеу өнері және сызу" және "Кәсіптік оқыту" мамандықтары бойынша екі жоғары білімі бар.
Светлана Викторовна – өзінің шығармашылық әлеуетін барынша іске асырып, оқушыларды оқытуда, тәрбиелеуде және дамытуда жоғары нәтижелерге қол жеткізіп жүрген шығармашыл ұстаз. Ол балаларды өмірдегі сұлулықты көруге үйретеді, өзіндік ойлауды қалыптастырады, оқушыларға шығармашылық әлеуетін ашуға көмектеседі.
Светлана Викторовнаның шәкірттері - облыстық қана емес, сонымен қатар республикалық шығармашылық конкурстардың бірнеше дүркін жүлдегерлері мен жеңімпаздары: үш жыл қатарынан "Контрафакт" республикалық акциясы аясындағы "Контрафактіге жол жоқ" республикалық сурет байқауының, "Жас Қанат. Балалар" бірінші республикалық сурет байқауының жеңімпаздары. "Алтын қазына" сәндік-қолданбалы өнер көрме-байқауында, "Табиғатты аяла" жас өлкетанушылар, экологтар мен натуралистердің облыстық форумында, "Nauryz Art" балалар бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер жұмыстарының байқауында, "Тәуелсіз Қазақстан балалар көзімен" балалар шығармашылық жұмыстары байқауында, "Бояулар құпиясы" Республикалық жас суретшілер байқауының облыстық кезеңде жыл сайын жүлделі орындарға ие болған.
Сонымен қатар, Светлана Викторовна өзін-өзі ұйымдастыру, шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыру, кәсіби даму, өзін-өзі тәрбиелеу сияқты үдерістер арқылы өзінің кәсіби деңгейін арттырады. Жұмыстарында шығармашылық, өндіру, кескін жасау, бейне ойлап табу және т.б. әдістерді қолданады.
"Ерен еңбегі үшін" медалімен, ҚР Білім және ғылым министрлігінің грамотасымен, ҚР Әділет Министрлігінің Алғыс хатымен, Қостанай облысы әкімінің, Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының грамоталарымен марапатталған.