🏆 "Біртұтас тәрбие" бағдарламасын және мектептегі өзін-өзі басқарудың "Спорт және салауатты өмір салты" фракциясының жұмысын іске асыру аясында "Набережная ЖББМ" КММ-де мұғалімдер, ата-аналар мен оқушылар арасында жарқын спорттық іс-шара өтті! 🎉
Іс-шараның мақсаты қазақстандық мәдениеттің құндылықтары — азаматтық жауапкершілік, патриотизм, адалдық және рухани-адамгершілік қасиеттер негізінде үйлесімді дамыған тұлғаны тәрбиелеу болды. Сондай-ақ-оқушылар, ата-аналар мен мұғалімдер арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту❤❤️.
Біздің мектепті құрамына дене шынықтыру пәнінің мұғалімі В.П. Макушенко, әлеуметтік педагог Н.Т. Ермухамбетова, ата-аналар- В.А. Вейде және Е.В. Скляр, 11 сынып оқушысы Егор Хвостенко, 8 "А" сынып оқушысы Елизавета Лукашева кірген мықты әрі тату команда ұсынды🏐. Зияткерлік ойындарда біздің балалар да өздерін жақсы жағынан көрсетті: "Тоғыз құмалаққа" 10-сынып оқушысы Илона Гулиева, ал "Шахматқа" 8 "А" сынып оқушысы Алекс Налбандян қатысты және ол 3-ші орынды иеленді! 🥉♟️
Біз командамызды тамаша нәтижелерімен құттықтаймыз және барлық қатысушыларға белсенділігі мен бірлігі үшін алғыс айтамыз!
💪 💫 Спорт пен салауатты өмір салты әрқашан сіздердің өмірлеріңіздің бір бөлігі болып қала берсін! 👏