Бүгін Викторовский ауылында мектеп лигасы аясында 5-8 сынып оқушылары арасында шахматтан жарыс өтті! ♟✨Біздің 7-сынып командасы керемет нәтиже көрсетіп, өз дивизионында құрметті екінші орынға ие болды!
Әсіресе, Алекс Налбандянды ерекше атап өткіміз келеді. Ол бірде-бір партиядан ұтылмады және нағыз шахмат шеберлігін көрсетті!🔥Сондай-ақ жас таланттарымыз — Цацура Эвелинаны, Кублицкий Сергей мен Копылов Владимирді лайықты қатысқандары және командалық рухтары үшін құттықтаймыз!
Біз шахматшыларымызға қол жеткізген жетістіктерімен тоқтап қалмауға және тек жаңа жеңістерге ұмтылуға тілектеспіз! 🌟🏆