Жылыту маусымын сәтті өткізу мәселелері, әсіресе білім беру ұйымдарында - жай мәселе емес. Жылыту маусымы кезінде газ қазандығының қауіпсіз және апатсыз жұмысын қамтамасыз ету шеңберінде мектеп басшысы жұмыс кеңесін өткізді. Онда қауіпсіздік техникасы қағидаларын, өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтау, мектептегі температуралық режимді сақтау қажеттілігі мәселелері қаралды. ӨҚ және ТҚ ережелерін сақтау бойынша қайта нұсқау өткізілді.