Қыркүйек айынан бастап күн сайын 15 жастағы оқушыларды ағымдағы жылдың 18 қарашасынан басталатын PISA халықаралық зерттеуіне дайындау бойынша консультациялар өткізілуде.
PISA — оқушылардың білім жетістіктерін бағалаудың халықаралық бағдарламасы - әлемнің әртүрлі елдеріндегі оқушылардың функционалдық сауаттылығын және білімді практикада қолдана білуін бағалайтын тест. Үш жылда бір рет өтеді.