🔍 PISA - оқушылардың білім жетістіктерін бағалау жөніндегі халықаралық бағдарлама
👋 Әр түрлі елдердегі білім сапасы қалай бағаланады деп ойладыңыз ба? Бұл үшін ең танымал құралдардың бірі — PISA экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) жүргізетін бағдарлама болып табылады.
Біздің еліміз де тыс қалған жоқ және жақын арада біздің балалар да PISA халықаралық зерттеуіне қайта қатысады! 👩🎓👨🎓 Бұл біздің оқушыларымыз үшін математика, жаратылыстану және оқудан алынған білімді пайдалана отырып, нақты есептерді қалай шеше алатындарын көрсетудің бірегей мүмкіндігі. Қазір олар PISA-ға дайындық бойынша сынақтан өтіп, өз мүмкіндіктерін бағалауда және педагогтармен қиындық келтіретін тақырыптарды пысықтауда.