💥 Қостанай шекара қызметі департаментімен онлайн-кездесу 💥
Zoom форматында Қостанай қаласының шекара қызметі департаментінің өкілдерімен онлайн-үгіт-насихат кездесуі өтті. Онда жоғары сынып оқушыларына әскери-оқу орындарына түсу мүмкіндіктері туралы айтылды🪖📚.
8-11 сынып оқушылары Отан игілігі үшін қызметтің артықшылықтары мен перспективалары, шекаралық жоғары оқу орындарында оқудың ерекшеліктері және олардың ел қауіпсіздігіне қалай үлес қоса алатыны туралы білді️️🌍🛡.
Мұндай кездесулер балаларға саналы таңдау жасауға, болашақ мамандық туралы шешім қабылдауға көмектеседі және Отанды қорғауға шабыттандырады. Шекара қызметіне оқушыларымызға көңіл аударып, қолдау көрсеткендері үшін алғыс айтамыз! 🇰🇿✨