2024 жылдың 18 қарашасында Сапар Ерғалиев мектебінің қабырғасында қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері арасындағы облыстық «Жаңашыл мұғалім-2024» байқауының аудандық кезеңі өткізілді. Жаңашыл мұғалім – бұл білім саласында жаңа тәсілдерді енгізіп, инновациялық әдіс-тәсілдермен жұмыс істейтін ұстаздардың еңбегін бағалап, оларды қолдау мақсатында ұйымдастырылатын байқау. Мұндай байқаулар мұғалімдердің кәсіби деңгейін арттыруға, шығармашылық әлеуетін ашуға, сондай-ақ педагогика саласында жаңа идеялар мен шешімдерді енгізуге мүмкіндік береді.
Байқауға мектебіміздің атынан қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі Қалмағанбетов Жұмабек Тұрғынұлы қатысты.