Сымбат, күш, шабыт! ✨
Біздің мектепте апта сайын "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы және "Шабыт" жобасы аясында ұйымдастырылған "Спорттық гимнастика" үйірмесінің сабақтары жалғасуда. 🌟
Сабақтарда жас гимнастшылар:
✔ спорттық дайындық негіздерін,
✔ акробатика элементтерін,
✔ икемділік пен үйлестіру жаттығуларын игереді.
Неліктен бұл маңызды?
Спорттық гимнастика денсаулық пен тәртіпті нығайтады.
Өзіне деген сенімділікті, төзімділікті және жаңа жетістіктерге ұмтылуды дамытады.
Бұл талантты ашуға және бала кезінен спортқа деген сүйіспеншілікті оятуға мүмкіндік береді.
Біз өзерімен жұмыс жасап, айналасындағыларды шабыттандыратын қатысушыларымызды мақтан тұтамыз. 💪 Әрбір жаңа элемент үлкен жеңіске қадам болсын! 🌟