Бүгін "Ашық сабақтар панорамасы" аясында 3 "Б" сыныбында бастауыш сынып мұғалімі Гвозденко Анастасия Валерьевнаның математика пәнінен ашық сабағы өтті.
Математика мен Қазақстан тарихын ұштастырған сабақ өте қызықты, мазмұнды және жан-жақты өтті. Балалар жаңа материалды меңгеріп қана қоймай, Керей мен Жәнібек хан секілді тұлғалармен де танысты. «Біртұтас тәрбие» бірыңғай тәрбие бағдарламасының құндылықтарына да назар аударылды.
Ашық, түрлі-түсті үлестірмелі материалдар сабақты қызықты және серпінді етуге көмектесті. Балалар әр түрлі жұмыс түрлеріне белсенді қатысты: жеке жұмыс, жұптық жұмыс, сонымен қатар командалық ойынға қатысты.
Балалар берілген тапсырмаларды тез әрі сәтті орындап, өз білімдерін, топпен жұмыс жасай алатындарын көрсетті.