15 ақпанда Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 36 жыл толады. Бұл маңызды және сонымен бірге қайғылы күн.
Осы күн қарсаңында 6-7 сыныптарда Кеңес әскерлерін Ауғанстаннан шығаруға арналған "Ауғанстан жолдары" атты Батылдық сабағы өтті.
Іс-шаралар барысында балалар Ауған соғысының тарихымен танысты, соғыстың басталу себептері мен ұзақтығы, Кеңес әскерлерінің орны толмас шығындары туралы білді. Ауғанстандағы әскери іс-қимылдарға қатысқан жерлесіміздің тарихы туралы бейнежазбаны тамашалады. Олар әрбір адам тарих беттерін білуі керек, өйткені бұл біздің Отанымыздың, отбасымыздың және достарымыздың тарихы болып табылатыны туралы әңгімеледі.
Соғыс туралы айту қиын, бірақ біз оны ұмытуға құқығымыз жоқ және сол соғысты, ерліктерді, даңқты, қаза тапқан батырларды есте сақтауымыз керек. Ал ұмытпау үшін біліп, есте сақтау керек...