|
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің Май жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Майская общеобразовательная школа отдела образования района Беимбета Майлина» Управления образования акимата Костанайской области |
|
|---|
|
10
Қыркүйек
2025
|
«Белая ладья» шахмат клубының тәрбиеленушілері – Тажбаева Амина, Глухов Богдан, Биклеев Ахметжан аудандық шахмат чемпионатына қатысты.
Турнир бірден екі санатта өтті:
🔹 кіші топ (1–6 сыныптар)
🔹 үлкен топ (7–11 сыныптар).
Ойын барлық қатысушылар үшін ортақ болды, сондықтан бәсекелестік өте жоғары еді. Бірақ біздің балалар тамаша ойын көрсетіп, нағыз командалық рух танытты! 💪
🏆 Нәтижесінде «Белая ладья» командасы құрметті 2-орынды иеленді!
👏 Балаларды дайындап, әрдайым қолдау көрсеткені үшін жаттықтырушы Кублицкая Ольга Владимировнаға үлкен алғыс білдіреміз!
|
10
Қыркүйек
2025
|
2025 жылдың 20 тамызында Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне және Қазақстан Республикасының тілдері күніне орай ұйымдастырылған «Тіл – әр халықтың байлығы» атты аймақтық форумда Мемлекеттік тіліміздің мәртебесі мен мерейін арттырудағы табанды қызметі үшін мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жұмабек Тұрғынұлы Қалмағанбетов “Бейімбет Майлин ауданы әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі”ММ басшысының алғыс хатымен марапатталды.
|
10
Қыркүйек
2025
|
Бүгін, 22 тамыз күні аудандық тамыз конференциясы аясында бейнелеу өнері және көркем еңбек пәні мұғалімдерінің секциясының мазмұнды әрі креативті отырысы өтті. Онда ұстаздар өз тәжірибелерімен және әдістемелерімен бөлісті.
⠀Көркем еңбек пәнінің мұғалімі Савицкая Светлана Викторовна «Көркем еңбек сабақтарында инновациялық материалдарды қолдану. Изолонмен жұмыс істеу техникасы» тақырыбында шеберлік сабағын өткізді.
⠀Қатысушылар заманауи, икемді әрі қолжетімді материал – изолонмен жұмыс істеудің бірегей тәсілдерімен танысты. Бұл материал сабақтарда шығармашылыққа үлкен мүмкіндік ашады.
⠀Светлана Викторовнаға кәсіби шеберлігі, шабыт сыйлағаны және білімін бөлісуге деген ықыласы үшін алғыс айтамыз!
Бұл секциядағы негізгі әрі тәжірибеге бағытталған шаралардың бірі – А.А.Овчинникова өткізген «30 минутта мектепішілік бақылау жоспары: цифрлық құралдар мен үлгілер» тақырыбындағы шебер сынып болды.
Өзінің баяндамасында Александра Александровна заманауи цифрлық шешімдер мен дайын үлгілердің көмегімен мектепішілік бақылау жоспарын қысқа уақытта тиімді құру жолдарын көрсетті.
Секцияға қатысушылар жаңа оқу жылының басынан-ақ қолдануға болатын тәжірибелік ұсынымдар алды. Шебер сыныпта ұсынылған материалдар әріптестердің үлкен қызығушылығын тудырып, оң пікірге ие болды.
А.А. Овчинниковаға білім беру үдерісін басқарудағы құнды кәсіби үлесі мен шабыттандыратын көзқарасы үшін алғыс айтамыз!
|
21
Тамыз
2025
|
Бұл секцияда мектебіміздің атынан ұстазымыз Ганкевич Ольга Александровна «Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайларда қорғау – оқушылардың өмірі мен денсаулығын сақтау құралы» атты өзекті әрі маңызды тақырыпта баяндама жасады.
Өз баяндамасында Ольга Александровна төтенше жағдайлар кезінде оқушылардың дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастыру – қазіргі білім беру ортасының ажырамас бөлігі екенін атап өтті.
Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау – біздің басты міндетіміз.
Осындай мазмұнды баяндамалар тәжірибе алмасуға, кәсіби қауымдастықты нығайтуға және оқушыларды күрделі әрі күтпеген жағдайларда дұрыс әрекет етуге дайындаудың тиімді жүйесін қалыптастыруға ықпал етеді.
Ольга Александровнаға белсенді ұстанымы, кәсібилігі және АӘТД жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдіреміз!
Конференция аясында ауданның бастауыш сынып мұғалімдерінің секциясы ұйымдастырылды.
Мектебімізден бұл іс-шараға Зарецкая Галина Александровна мен Райнгарт Алина Ивановна белсене қатысты.
Зарецкая Галина Александровна «Бастауыш сынып оқушысының математикалық сауаттылығын қалыптастыру және бағалау» тақырыбында шеберлік сағатын өткізіп, өз тәжірибесімен бөлісті. Ол өз баяндамасында сабақтарында тиімді қолданып жүрген практикалық әдіс-тәсілдері мен әдістемелік жаңалықтарын таныстырды. Мұғалімдер нақты тапсырмалармен, оқушылармен жұмыс жүргізу әдістерімен және бастауыш сынып оқушыларының математикалық сауаттылығын қалыптастыру жолдарымен танысты.
Ұсынылған материалдың практикалық маңызы зор және ол әріптестердің алдағы педагогикалық қызметінде қолдануға болады.
|
19
Тамыз
2025
|
17 тамыз күні ауылымызда дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, жаттықтырушы Владимир Ильич Горбенконы еске алуға арналған марафон-фестиваль өтеді 🏃♂️💚.
Садовая көшесі қазірдің өзінде өзгеріп келеді: тұрғындар мен еріктілер бірге тазалық жұмыстарын жүргізіп, көгалдандырып, ретке келтіруде.
Марафон күні мұнда тек спорт қана емес, достық, бірлік және табиғатты сүю атмосферасы орнайды 🌱.
Алға ұмтылуға шабыт берген жанның құрметіне ауылымызды одан әрі таза, әдемі етейік!





