Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің Май жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Майская общеобразовательная школа отдела образования района Беимбета Майлина» Управления образования акимата Костанайской области |
|
---|
18
Қазан
2024
|

💬 Мектепте ерте жүктілік пен жыныстық жолмен берілетін аурулардың алдын алу тақырыбында жоғары сынып оқушыларымен әңгімелер өткізілді. Бұл сұрақтар қазіргі жасөспірімдер үшін өте өзекті және біздің міндетіміз - қыздарға болашақта дұрыс таңдау жасауға көмектесетін білім беру.
👩 ⚕ ️ Мектептің медицина қызметкері В.А. Кремнева әйел адамның денсаулығы, қорғаныс әдістері және тұрақты медициналық тексерулердің маңыздылығы туралы айтты. Біз айналамыздағы адамдардың қысымына берілмеу және өзімізге қамқорлық жасау неліктен маңызды екенін, сондай-ақ өз құқықтары мен мүмкіндіктерін білу әрбір қызға өз шешімдеріне сенімді болуға көмектесетінін талқыладық.
Біз ата-аналарды осы күрделі, бірақ маңызды тақырыптар бойынша балалармен ашық диалогқа түсуге шақырамыз. Өйткені, денсаулық - біздің басты байлығымыз!
17
Қазан
2024
|

«Біртұтас тәрбие» бірыңғай тәрбие бағдарламасын іске асыру аясында, тәуелсіздік және патриотизм айының құндылықтарын дамыту шеңберінде, Мемлекеттік тілді насихаттау және қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің пәндік апталық жоспарын орындау мақсатында 15 қазанда 6 «А» жіне 6 «Б» сынып оқушылары арасында «Бақытты сәт» атты интеллектуалдық ойын өтті. Оқушылар білімдерін сайысқа түсіріп, жан-жақты болуға, өзіне деген сенімділік, логикалық ойлау қасиеттерін көрсете білді. Интеллектуалдық ойынға белсенді қатысқандар - Галстян Каринэ мен Сәтбек Сезім.
17
Қазан
2024
|

«Біртұтас тәрбие» бірыңғай тәрбие бағдарламасын іске асыру аясында, тәуелсіздік және патриотизм айының құндылықтарын дамыту шеңберінде, Мемлекеттік тілді насихаттау және қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің пәндік апталық жоспарын орындау мақсатында 8 «А» және 8 «Б» сынып оқушылары арасында «Іздеген –табар, оқыған озар» атты сайыс сабағы өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар мемлекеттік тілді қаншалықты меңгергендігін көрсетіп, әртүрлі тапсырмалар арқылы алған білімдерін бекітті және мемлекеттік тілді білудің маңыздылығын сезініп, қазақ тілінің қадір қасиетін ұғынды. Сабаққа белсенді қатысқан оқушылар: Налбандян Алекс, Кузнецов Иван, Прутникова Таисия, Жайлина Айнагуль, Скворцов Артем.
17
Қазан
2024
|

«Біртұтас тәрбие» бірыңғай тәрбие бағдарламасын іске асыру аясында, тәуелсіздік және патриотизм айының құндылықтарын дамыту шеңберінде, Мемлекеттік тілді насихаттау және қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің пәндік апталық жоспарын орындау мақсатында 15 қазанда өзге ұлт мұғалімдері арасында «Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде»атты іс-шара өтті.
Төрт кезеңнен тұратын байқауға 8 мұғалім қатысты. Алғашқысында қатысушылар өздерін таныстырып, екінші бөлігінде қазақтың мақал-мәтелдері бойынша білімдерін сынады. Бұдан кейін экрандағы ұяшықтарда көрсетілген суреттер бойынша бір-бірімен жұптасып диалогқа түсті. Ең соңында бір минут ішінде жиырма сұраққа жедел жауап беру бойынша сайысты.
Қазылар алқасы байқау қатысушыларының тілді меңгеру деңгейін, жауаптарының мазмұндылығы мен ерекшелігін, қазақ тілінде таза сөйлеуін бағалай отырып, 1 орынға орыс тілінің мұғалімі Ермолина И. В, 2 орынға мектеп кітапханашысы Чайгуцкая А. В., ал 3 орынға биология пәнінің мұғалімі Крохина Е. М. лайық деп шешті.
Ұстаздардың осындай байқауға қатысып, бақ сынауы – мемлекеттік тілдің әлеуметтік мәртебесін жоғарылату ісіне, мемлекеттік тілді рухани-мәдени және патриоттық құндылық ретінде дәріптеуге қосқан үлесі деуге болады.
17
Қазан
2024
|

👩🏫✨ Мектепте бейімделу? Оңай! 🎒🎉
Біздің бірінші сынып оқушыларымыз мектеп өмірін бар ынтасымен меңгеруде, ал мұны одан да қызықты әрі жеңіл ету үшін мектеп психологы олармен арнайы сабақтар өткізуде! 🧠✨
Күшіңізді қуаттауды ұмыттыңыз ба? Оқасы жоқ! Біздің психолог балаларға мектептегі білім әлемінде нағыз керемет қаһарман болуға көмектеседі! 💥📚
Бұл кездесулерде балалар дос болуды, батыл болуды және, әрине, жаңа ашылулардан ләззат алуды үйренеді! Өйткені, мектеп тек сабақ қана емес, сонымен қатар нағыз шытырман оқиға! 😎✨
Ата-аналар, алаңдамаңыздар! Сіздердің балаларыңыз сенімді қолда және олардың алдарында тек сәттілік болады! 🙌👶
16
Қазан
2024
|

Мектепте "Біртұтас тәрбие" бірыңғай тәрбие бағдарламасын іске асыру аясында, тәуелсіздік және патриотизм айының құндылықтарын дамыту шеңберінде, Мемлекеттік тілді насихаттау және пәндік апталар жоспарын орындау мақсатында 4 сыныптарда «Қызықты қазақ тілі әлемі» атты сауал сағаты өтті. Бұл іс-шарада оқушылар барынша қазақша сөйлеп, өз ойларын толық әрі анық жеткізе білуге тырысты. Сауал сағаты ойын түрінде өткізіліп, өте қызықты болды.
16
Қазан
2024
|

"Біртұтас тәрбие" бірыңғай тәрбие бағдарламасын іске асыру аясында, тәуелсіздік және патриотизм айының құндылықтарын дамыту шеңберінде, Мемлекеттік тілді насихаттау және пәндік апталар жоспарын орындау мақсатында 15 қазанда қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Дуамбекова Г.К. 10-11 сынып оқушылары арасында «Миллион кімге бұйырады?» интеллектуалдық-шоу бағдарламасының желісі бойынша сыныптан тыс танымдық ойынын өткізді. Ойын ережесі бойынша алғашқы айналымдағы викториналық сұрақтар бойынша 10-11 сынып оқушылар арасынан негізгі ойынға қатысушылар анықталды. Олар: Хвостенко Егор, Роот Валерия, Чучкалов Кирилл, Каверзина Ольга мен Бойко Злата. Ал қалған оқушылар көрермендер мен жанкүйерлер ретінде қатысты. Ойын қорытындысы бойынша 11 сыныптың оқушысы Каверзина Ольга жеңіске жетті. Ойынға қатысқан оқушылар сертификатпен және орысша-қазақша тілашар кітапшалармен марапатталды..